Химия пәні мұғаліміне бос орынға ваканция.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Семей қ., М. Лебаева көшесі, 45 «А», т. 30-98-17, exp.sh.21@mail.ru
«Химия» пәні бойынша мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды;
- электрондық журналдарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарын және кестеге сай оқу процесінің толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді;
-кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды;
- білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді.
Химия пәні мұғалімінің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;
- біліктіліктің жоғары және орта деңгейінің болуы (мүмкіндігінше);
- педагогикалық жұмыс өтілінің болуы (мүмкіндгінше).
- және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» кәсіби құзыреттіліктерінің бірі болуы тиіс.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1)педагог (жас мамандар үшін):
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы;
2) педагог-модератор:
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
3) педагог-сарапшы:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы , сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;
тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындауы керек;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болу керек;
4) педагог-зерттеуші: «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ:
Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі; білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан мен қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындауы; облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикалық деңгейде тәжірибесін жинақтауы (республикалық ведомствоға бағынышты ұйымдар үшін);
облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда қатысушыларының болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) педагог-шебер:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басылып шығарылған оқулықтарының, оқу-әдістемелік құралдарының авторы (автормен бірлескен) болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейіндегі кәсіби қоғамдастық желілерді дамытуды жоспарлауы;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауы керек.
Мұғалім білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерін; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін; педагогика мен психологияны;
пәнді оқыту әдістемесін, Тәрбие жұмысын, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды; құқық негіздері және еңбекті, экономика негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 16 тамызынан 2023 жылдың 22 тамызына дейін. Конкурс 2023 жылдың 23 тамызында өтеді.
М. Лебаева көшесі, 45 «А» мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасына электронды форматта exp.sh.21@mail.ru
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).