Тарихымыз - Средняя общеобразовательная школа № 21

Мектеп тарихы
Жоламан кентіндегі мектептің ашылу тарихы.