Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(72) 30-98-17
Есепші бөлімі:
+7(72) 30-95-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №21 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ –сі бойынша терроризімді алдын алуға байланысты өткен оқу-жаттығу сабағының хаттамасы №1
19
октябрь
2020

№21 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ –сі бойынша терроризімді алдын алуға байланысты өткен оқу-жаттығу сабағының хаттамасы №1

№21 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ –сі бойынша терроризімді алдын алуға байланысты 

өткен оқу-жаттығу сабағының хаттамасы №1

Барлығы: 

Қатысқандар саны:


1.Тындалды: АӘД жетекшісі Хамзаев Е.М- Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері

Сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді)күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасауы;

құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

Жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау; бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу)ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

1)    Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2)    Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3)  Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

Күдікті зат тауып алған кездегі сіздер білуге тиісті жағдайлар;

заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.   

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы.  Табылған күдікті заттан шудың шығуы-сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән. Тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немеме әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

Тындалды: ТІЖО Тұрғанбек М.Т- Табылған затты жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға тыйым салынады. Заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға, табылған заңсыз затты пайдалануға болмайды,

Қаулы: 

1.Мектеп мұғалімдері, қызметкерлері күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда, күдікті заттарды тауып алған кездегі жасайтын іс-әрекеттерді  үнемі есте сақтай отырып, іс –әрекет  жасалсын.

2.Мектеп ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмесін. Арнайы журналға тіркеп, не мақсатпен келгенін жазып отыру мектеп күзетшісіне жүктелсін. 


Жиналыс төрайымы:         Турганбек.М.Т

Хатшы:                           Ораз.Ф