25
август
2021
Республикалық "Мектепке жол" акциясы.
"Ақшың" корпорациясының президенті Марат Құрманбай "№21 ЖОББМ" КММ- інде әлеуметтік аз қамтылған бірінші сыныпқа барған оқушыларға республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында көмек көрсетті. Жаңа оқу маусымында оқушыларға оқу құралдарын табыстап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балдырғандарға ақ жол тіледі. Жыл сайын тұрақты түрде көмек көрсететін белгілі меценат дәстүрлі оқу маусымында білім мекемелерінің барлық санитарлық талаптарды сақтауы өте маңызды екендігін атап өтті. Мектеп ұстаздары мен ата-аналардың атынан "Ақшың" корпорациясының президенті Марат Құрманбайға алғысымызды білдіреміз.


