15 октябрь 2019 0 1 2 3 4 5 Кәсіби бағдар беру мақтасындағы кездесу № 21 Жалпы орта білім беретін мектепте Семей "Достық" білім орталығы өкілінің қатысуымен 11 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін кәсіби бағдар беру мақсатында бірлескен кездесу болып өтті. Онда мектеп директоры Т.З.Зейнелов биылғы ҰБТ тапсырудағы ережелері мен ерекшеліктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар "Достық" білім орталығынан келген өкіл өздерінің орталығы туралы қысқаша мәліметтер бере отырып, ҰБТ дайындауға қандай нәтижелері бар екенін, қандай дайындық курстары бар екенін, қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін атап көрсетті. Соңынан оқушылар мен ата - аналар өз алғыстарын білдірді.