Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(72) 30-98-17
Есепші бөлімі:
+7(72) 30-95-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әрбір жан өз бақытының шебері» тақырыбында дөңгелек үстел.
08
февраль
2020

«Әрбір жан өз бақытының шебері» тақырыбында дөңгелек үстел.

8.02.2020 күні  «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында ұстаздармен «Әрбір жан өз бақытының шебері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қатысушылардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, қарым – қатынасының белсенді стилін дамыту. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар би терапиясы, караоке, кім жылдам?, лабиринт ойыны, релаксация әдісі және топтық жұмыстар орындады. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өз тілектерін айтып, алғыстарын білдіріп көңілді тарасты.