Қоғамдық пәндер бірлестігінің пәндік апталықтың қорытынды ЕСЕБІ
Қоғамдық пәндер бірлестігі 2019 жылдың 25-30 қарашасы аралығында «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты пәндік апталығын өткізді. Апталықтың басты тақырыптары ретінде 2019-2020 жылдары аталып өтетін тарихи тұлғалардың атаулы оқиғаларына көңіл бөлінді.
Апталықтың басталғаны туралы 8 «А» сынып оқушылары шағын көрініспен мектепішілік лездемеде хабарлады. Бірінші күні үлкен үзіліс арасында 5-6 сынып оқушылары арасында «Тарихыңды таны» атты интеллектуалдық жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай өте қызығып қатысты.
Мектеп залында «Мектеп тарихы» атты мектептің алғашқы басшылары, мұғалімдерінен бастап қазіргі күнге дейінгі аралықтығы фото көрме ұйымдастырылды.
Апталықтың екінші күні де үлкен үзілісте 7-8 сыныптар арасында «Тарихыңды таны» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сонымен қатар екінші күні тарих пәні мұғалімі Идирисова А. Н. 10-11 сыныптар арасында «Алтын орда –қазақ хандығының заңды негізі» тақырыбында пікір-сайыс өткізді. Көрермен ретінде 10-11 сынып оқушылары қатысып, өздері қолдайтын топтың позициясына пікірлерін білдіріп, қолдау көрсетіп отырды.
Апталықтың үшінші күні үлкен үзілісте «Тарихыңды таны» атты интеллектуалдық сайыс 9 -сыныптар арасында ұйымдастырылды. Осы күні өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Ботабаева Н. А. 9- сыныптар арасында «Өзіңді өзің таны» атты тренинг өткізді. Тренинг оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, оқушының ішкі қажеттіліктерін анықтай алатын тапсырмалар орындату арқылы өтті, оқушылар қызыға қатысты.
Келесі күні «Тарихыңды таны» атты интеллектуалдық сайысы 10-11-сыныптар арасында ұйымдастырылды. Тарих пәні мұғалімі Дайырбеков А.С. 8- 9 сыныптар арасында «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары» атты конференция өткізді. Конференцияда 2019-2020 жылдары туғандарына 100 жыл толып отырған Кеңес Одағының батырлары туралы айтылды, бейнефильм көрсетілді. «Шежіре» мектепішілік мұражайының жәдігерлерінен көрме ұйымдастырылды, жергілікті жерден Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды. Өлкемізден соғысқа қатысқан ардагерлердің ұрпақтары бастауыш пәні мұғалімі- Сембаева С. Ж., мектеп хатшысы Мурзина Б.К., кіші қызметкер-Оразханова К. Н. шақырылды. Ол кісілер әкелері туралы естеліктер айтып, ардагерлердің заттарын көрсетіп, өлеңдерін оқи отырып, оқушыларға бейбіт күннің қадірі туралы, тәуелсіздікті қадірлей білуіміз керектігі туралы айтып өтті. Кеш өте мәнді, мазмұнды өтті.
Осы күні сонымен қатар өзін –өзі тану пәні мұғалімі Ботабаева Н. А. 8 «Ә» сыныбында «Достық айнасы» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар достық туралы ойларын айтып, достарына хат жолдап, сабақты «Жан досым» атты әнді бірлесе айтумен қорытындылады. Сабаққа қатысушы әріптестер мақсатына сай, жоғары деңгейде өтті деген баға берді.
Апталықтың бесінші күні тарих пәні мұғалімі Идирисова А. Н. 9 «Ә» сыныбында «1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар» тақырыбында Қазақстан тарихынан ашық сабақ өткізді. Сабақтың барысында мұғалім топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарын әдістемелік ұсыныс ретінде көрсетті. Сабаққа қатысушы ұстаздар сабақ мақсатына сай, әдістемелік тәсілдерді тиімді қолданған сабақ болды деген қорытынды жасады.
Осы күні тарих және георграфия пәні мұғалімі Медеуова Г. Қ. 7- сыныптар арасында «Білім биржасы» атты интеллектуалдық сайыс өткізді. Оқушылар топтарға бөліне отырып, өз білімдерін көрсетті.
Апталықтың соңғы күні пән мұғалімі Идирисова А. Н. Мектеп мұғалімдеріне арналған «ТЖБ мен БЖБ құру жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ұстаздармен жаңартылған білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы тәжірибесімен бөлісті.
2019-2020 оқу жылында қоғамдық пәндер бірлестігі ұйымдастырған «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты апталық жоғары ұйымшылдықпен, мазмұнды, оқушы қызығушылықтарын оята алатындай, жоғары деңгейде өтті деп қорытындыланды.
Бірлестік жетекшісі. Идирисова А. Н.












