12
ноябрь
2019
"Құстарға қамқор болайық" атты акция.
12 қараша күні Шымшықтар күніне орай "Құстарға қамқор болайық" атты акция өткізілді. Іс - шараның басты мақсаты - оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту. Аталған іс-шараға мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Акция шеңберінде оқушылар құстарға арнап жемшашар мен үйшіктер жасап, мектеп ауласына ілді. Мектеп оқушыларына қанатты достарға қамқор болу, оларды аялау керектігін, құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтті. "Құстарға қамқор болайық" акциясы келесі қараша айында жалғасын таба беретініне сеніміміз мол.
Жауапты: биология пәнінің мүғалімі Ермекова Б Е



