«Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты тәрбие сағаты
Қазан айының 11 күні 7 «Ә» сыныбында «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айту. Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға, тәрбиелеу.
Оқушылар топтық, жұптық, мәтінмен жұмыс, суретпен жұмыс, сұрақ-жауап сияқты бірнеше әдістермен жұмыс жасады. Зайырлы, толеранттылық сөздеріне ассоциация құрды.
7 «Ә» сынып оқушылары
Сынып жетекшісі: Ермекова Б.Е


