26
февраль
2020
Қалалық ашық турнир
26 ақпан 2020 жылы "№21 ЖОББМ" КММ -де Алғашқы әскери дайындық сабағы бойынша "Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл" толуына байланысты қалалық ашық турнир өтті. Аталған турнирге қаламыздың және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты. 1 орын - 23 мектеп, 2 орын - 32 мектеп, 3 орын - 21 мектеп пен Приречный орта мектептері еншіледі. Сайысты ұйымдастырған алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі Қамзаев Ербулан мен денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің еңбегін атап өтуге болады. Сайыс қызықты және өте жақсы деңгейде өтті. Сайысты өте жақсы дәрежеде ұйымдастырған АӘД мұғалімі Қамзаев Ербуланға шығармашылық табыс тілеймін.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Муканова Л.М.





