Тәрбиелеу және білім беру объектілерінде тыйым салынатын өнімдер.
Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында төмендегі тағамдарға тыйым салынады:
1) қатық, сүзбе, айранды; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді; кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды; фритюрде қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы; саңырауқұлақтарды; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды; газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды: пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.