8-11-сынып оқушы ұлдарымен жиналыс.
29 қазан 2021 жылы «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нде 8-11-сынып оқушы ұлдары мен мектеп директоры Рахымжанов Ш.К, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.М.Муканова мен Турганбек. М.Т және мектеп инспекторы Арай Мақсұтқызының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Рахымжанов Ш.К оқушыларға құқық бұзушылықтың — қоғам өміріне тән дерт екендігін атап өтті. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау екендігіне тоқталды.
Мектеп инспекторы Арай Мақсұтқызы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтҚ, ҚК-нің баптарымен таныстырды. Топтық төбелестің салдары жақсылыққа апармайтынын ескертті. Темекі, электронды темекі, есірткілік заттардан аулақ болуға шақырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.М.Муканова мен Турганбек. М.Т оқушыларға күздік каникул уақытында жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етті. Оқушылар арасындағы әлімжеттік және бопсалау, біреудің мүлкін рұқсатсыз иемденуге болмайтыны туралы айтып өтті.



