«Тәуекел» тобы оқушыларымен жұмыс тақырыбында қалалық семинар.
Семей қаласы білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 29.03.2024 жылы «№21 ЖОББМ» КММ базасында «Тәуекел» тобы оқушыларымен жұмыс тақырыбында қалалық семинар болып өтті.
Мақсаты: Проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдай жасау.
Семинардың алғы сөзін мектеп директоры Ш.К.Рахымжанов бастап беріп, семинардың ойдағыдай өтуіне сәттілік тіледі.
Семинарды ұйымдастырушылар «№21 ЖОББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.М.Муканова, М.Т. Турганбек және «№48 ЖОББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бутобаева Ж.С «Тәуекел» тобы оқушыларымен атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Семинар барысында «№21 ЖОББМ» КММ тарих пәні мұғалімдері Абзоллин С.К, Нуканова Д.О Квест ойыны «Тәуекелге бейім топқа жататын» балалармен жұмыстың өзара тиімді әсер ету жолдары, «№21 ЖОББМ» КММ мектеп психологтары Тумарбек Е.Ж, Шпекова А.К және Маратова А.Б Тимбилдинг ойыны «Тәуекел тобындағы балалармен жұмыстың жетістікке жету жолдары», «№48 ЖОББМ» КММ Жандикеева С.А, Иргизбаева С.К Дебат «Жасөспірімдер арасындағы агрессивті мінез-құлық», «№48 ЖОББМ» КММ Қайырбекова И.Н, Қабыланбекова Г.Т шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шараға қатысушылар кері байланыс жасап, тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.







