20
февраль
2020
«Қазақстан – мейірімділік мекені » атты республикалық балалар бастамасы аясында дөңгелек үстел.
19.02.2020 жылы №21 ЖОББМ ата-аналар комитетінің төрайымдарымен бірлескен « Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында дөңгелек үстел өтті. Өткізілген іс-шараның мақсаты - қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру.
Міндеттері:- Балаларды айналасындағыларға мейірімді, қайырымды қатынасқа тәрбиелеу қажеттілігіне кең қоғамның назарын аударту;
- Қазақстандық қоғамда мейірімділіктің және қоғамға риясыз қызмет етудің мәртебесін бекіту;
- Балалардағы өзіне, айналасындағыларға деген жауапкершілік, бауырмалдылық және рақымдылық сезімдерін дамыту.
Дөңгелек үстелге мектептегі 34 сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты. Дөңгелек үстелде мектеп психологы Нұрмуханбетова Балнұр Қарқынқызы "Үйшік", "Бес тілек" тренинг ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ата-аналар бір кісідей қатысты. Дөңгелек үстел өте қызықты, жоғары денгейде өтті.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Муканова Л.М.














