18
февраль
2020
"Абай деп соққан жүректер" әдеби сайыс
Елбасымыз Қ.К. Тоқаев өз жолдауында "Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз", - деген болатын. Рухани жаңғыру аясында Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, филосов ақын А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған "Абай деп соққан жүректер" атты мектепішілік үштік одақ әдеби сайысы өтті. Сайыс өте қызықты, тартымды өтті. Сайысқа әрбір сыныптан оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі қатысып өнер көрсетті. Сайыста Абай атамыздың тақпағын, қара сөзін, әнін айтып жарысты. Бұл сайыста үздіктер анықталып, грамоталармен марапатталды. Бас жүлдені 5 "Ә" сынып оқушысы Маденова Алина мен оның анасы Маденова Данагуль жеңіп алды. Сонымен бірге сайыста жақсы өнер көрсеткен үштіктерге 1, 2, 3 орындар берілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шынарбекова Қ.Ә.



