11
ноябрь
2020
«Пайдалы ойындар» - IT технологиялар, робототехникаға байланысты онлайн тренинг
«Қазақстан балалары – күзгі интерактив» күзгі демалыс кезіндегі оқушылар демалысын ұйымдастыру мақсатында «Пайдалы ойындар» - IT технологиялар, робототехникаға байланысты зумм платформасында онлайн тренинг өтті. Бұл тренингке 6-8-9 сынып оқушылары және информатика пәнінің мұғалімдері қатысты. Тренигте онлайн ойындардың пайдасы мен зияны және роботтар жайлы мағлұматтар берілді. Бұл іс-шараны мектептің информатика пәнінің мұғалімі Жаксыгулова Дармия Дарыбаевна және мектептің IT - маманы Мусатаев Ержан ұйымдастырды. Тренингте презентация, видеолар және EV3 модульінің бөлшектерімен жұмыстар көрсетілді, сонымен қатар 3D принтерінің қызметімен оқушыларға таныстырылым жасалды.




